90 қызметкер баспаналы болды

944

90 қызметкер баспаналы болды

ССКӨБ-тің Рудныйдағы тағы 90 қызметкері баспаналы болды, деп хабарлайды Еуразиялық топтың корпоротивтік байланыс департаменті. 

Рудныйда ССКӨБ қызметкерлері үшін 90 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Оның құрылысы IV топтағы қатысушылардың сатып алуы арқылы жалдамалы тұрғын үйді сату бойынша "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ИҰ" АҚ-мен арада жасалған Келісім аясында 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы және Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындарының жұмыскерлеріне арналған Тұрғын үй бағдарламасына сәйкес жүргізілді.

Сандригайло көшесіндегі №63/1 бес қабатты тұрғын үй өз тұрғындарын күтуде. Жаңадан қоныстанушыларды қарсы алуға ауданы 35, 55 және 75 шаршы метрге сәйкес, 40 бір бөлмелі, 25 екі бөлмелі және 25 үш бөлмелі90 пәтер дайын. Баспана бірінші кезекте бірлестіктің жас мамандары мен аса қажетті мамандарына берілмек. Үй алдындағы аумақ спорт және ойын алаңдары жабдықталып,  абаттандырылған.

"Бұл үй  Еуразиялық Топтың қолдауымен салынып аяқталды. Бүгінде біз мұнда қандай тамаша жағдай жасалғанын көріп отырмыз. Үйдің қасбеті жаңа, жайлы әрі жақсы абаттандырылған. Балалар және спорт алаңшалары бар аула үйдің кішкентай тұрғындары үшін сүйікті демалыс орны болатындығына сенімдімін. Облыс әкімдігі мен Eurasian Resources Group-та Қазақстан Ресбуликасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында тұрғын үй құрылысы бойынша бірлескен жобалары бар. Жаңа үйлерді тұрғызу бойынша жұмыстар жалғасуда", - деді "ССКӨБ" АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев.

Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан Қазақстанның барлық аймақтарында Тұрғын үй бағдарламасы аясында 2018 жылдың аяғына дейін 94 мың шаршы метрге жуық баспана салу жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері 10 миллиард теңге қаражат бағытталды. ERG кәсіпорындары қызметкерлері қатарынан шамамен 1 400 отбасы пәтерге ие болады.

"Біз бұл жақсы бастаманы жүзеге асыра алдық, осы көп пәтерлі үйді аяғына дейін салып және пайдалануға тапсырдық, басқалары да тағы бола жатар, - деді ERG S.a.r.l. Менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Қостанай облысында ERG қызметкерлерінің саны 22 мыңнан асып жығылады. Олардың үштен бір бөлігі – жас мамандар – Қазақстанның болашағы. Олардың жұмыстары мен өмірлері  үшін біз ерекше жағдай жасағымыз келеді. Біз  жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыра отырып,  ірі жұмыс берушілерге әкімдікпен бірге тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар үшін елбасымызға алғыс білдіреміз!"   

Соңғы бірнеше жыл бойы Еуразиялық Топ өз қаражатының есебінен – 10 млрд теңгеге үш мыңға жуық отбасын пәтермен қамтамасыз етті. Олардың 90%-нда бұрын ешбір баспана болмаған. ERG Тұрғын үй бағдарламасы – бұл Қазақстанның тау-кен саласындағы  теңдесі жоқ әлеуметтік жоба.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу