90 мың орынға арналған жатақхана салынады

765

Педагог даярлайтын университеттердің саны қысқарады.

90 мың орынға арналған жатақхана салынады Фото: sputniknews.kz

Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын таныстырды. 

Министрдің мәлімдеуінше, 10 университетте академиялық басымдық орталығы құрылады. Бұған 21 млрд теңге бөлінеді. Ал 10 университет әлемнің үздік 500 университетінің қатарына қосылады. 

"Ұлттық бірыңғай тест электронды форматқа ауысады. 2025 жылға дейін 90 мың орынға арналған жатақхана салынады. Педагог даярлайтын 85 университеттің саны қысқартылып, материалдық базасы нығайтылады. Біз сапалы педагог даярлауға басымдық береміз", – деді Асхат Аймағамбетов.

Оның сөзінше, "Жас маман" жобасы бойынша 180 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Бұл үшін бюджеттен 58 млрд теңге бөлінеді. 

"Тегін кәсіби техникалық білім бағдарламасымен жыл сайын 100 мың студент  қамтылады. Ал дуалды оқытуға тартылған студенттердің  көрсеткіші 35%-ға жетеді. Колледж студенттерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 60-тан 75%-ға өседі. Жоғары білім бағдарламаларын кәсіби стандарттарға негіздеп, 100% жаңарту міндеті тұр. Шетел студенттерінің саны жалпы контигенттің 10%-ын құрайтын болады. Білім гранттарын орташа алғанда 340-420 мыңнан 900 мың теңгеге дейін өсіру арқылы профессорлық-оқытушылық құрамның еңбекақысын көтеру, университеттердің материалдық базасын жақсарту қарастырылып отыр.
Шыны керек, 2011 жылдан бастап грант құны өзгермеген. Осыған бюджеттен 244 млн теңге қарастырылды", – деді Асхат Аймағамбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу