90 мыңдай ШОБ субъектісі салықтық амнистияға ілігеді

866

Олардың 340 млрд теңгеден астам берешегі бар. 

90 мыңдай ШОБ субъектісі салықтық амнистияға ілігеді

Елімізде 90 мыңнан астам орта және шағын бизнес субъектісі салықтық амнистияға ілігеді. Оның 30 мыңнан астамы – заңды тұлға, ал 60 мыңға жуығы – жеке кәсіпкер, деп хабаролайды 24.kz.

Олардың 340 млрд теңгеден астам берешегі бар. Салық рақымшылығы келесі жылдан басталып, жыл бойы жүргізіледі. Осы уақыт ішінде орта және шағын бизнес иелері негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұл есептелмейді.

Айта кетейік, ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделген өнім өндірушілер амнистияға жатпайды. Бұл туралы үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Бүгінгі күні бұл саладағы барлық бизнес өкілдері салықтың есептелген сомасы туралы хабарламаларды алды. Қазір рақымшылыққа қатысты шараларды кезең-кезеңімен атқару шаралары қолға алынды. Ал түзетулер енгізілген заң жобасы жоғары палата депутаттарының қарауында жатыр. Құжат келесі жылдың наурыз айында қабылдануы мүмкін.

"Мұндай рақымшылық шарасы орта және шағын бизнестің жандануына септігін тигізеді. Кәсіпкерлерге үлкен көмек болатыны сөзсіз. Кәсібін кеңейтуге, жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді. Жалпы халықтың әл-ауқатының артуына, өмір сапасының жақсаруына да сеп болады. Бұл туралы жолдауда айтылып, елбасы нақты тапсырмалар берген болатын", – дейді  ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу