90 мыңға жуық адам ауырып жатыр – Алексей Цой

655

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 41 296-дан 80 286-ға жеткенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

90 мыңға жуық адам ауырып жатыр – Алексей Цой

"Өңірлерде вирус жұқтырғандардың саны алдыңғы 2 аптамен салыстырғанда 1,9 есе өсті. Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік сырқаттанушылық 5,2 есе ұлғайды. Жалпы республика бойынша өлім жағдайының саны 2 аптада 1,8 есеге, оның ішінде Ақтөбе облысында – 8,5, Шымкент қаласы мен Атырау облысында – 2,8 есе артты. Инфекциялық және реанимациялық төсек-орнының саны 3 есе өсті. Осыған байланысты төсек-орын қоры 1,4 есе ұлғайтылды. Дәл қазір инфекциялық төсек-орынның 53%-ы, жансақтау бөліміндегі төсек-орынның 43%-ы бос емес. Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарында ауру асқынып тұр", – деді Денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цой елде 90 мыңға жуық адам коронавируспен ауырып жатқанын айтты. 
"Аса ауыр жағдайда жатқан науқастардың саны 2,1 есе өсті. 1 мыңға жуық адам жасанды желдету аппаратында жатыр. Болашақта инфекциялық және ренимациялық төсек-орынның тапшылығы туындауы мүмкін. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстары тәуекел алаңында тұр", – деді министр. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу