90-шы жылдары тоқтап қалған зауыт қайта іске қосылды

1179

90-шы жылдары тоқтап қалған зауыт қайта іске қосылды

Ақтөбе облысында Шалқар ауданының аумағындағы бірегей жер асты көздерінен минералды су өндіретін зауыт ұзақ уақыттан соң қалпына келтірілді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Өндірісті қалпына келтіруге "Қазақстанның минералды сулары" ЖШС 780 млн теңге салды. Ағымдағы жылдың ақпан айында құю желісі тесттік тәртіпте іске қосылған болатын. 23 мамыр, сәрсенбі күні өндіріс толықтай жұмысқа кірісті. Осы күннен бастап "Shalqar" бренді бар емдік су Ақтөбе облысының сауда сөрелері мен одан тыс жерлерге шығарылмақ.

Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Шалқар ауданының танымал тумасы, профессор Серік Ақшолақов қатысты.

"Шалқар минералды суы өз кезеңінде барлық Кеңес Одағына белгілі болды. Кәсіпорын объективті себептерге байланысты көптеген жылдар бойы жұмыс істемеді. Бүгін ол қайтадан іске қосылды, мен осы қуанышты іс-шарамен, ең алдымен, жергілікті тұрғындарды құттықтаймын. Мен зауыт аймақтың экономикалық дамуына ықпал етеді және оның өнімдері біздің елде ғана емес, сондай-ақ көрші елдердеде сұранысқа ие болады деп сенемін", - деді Бердібек Сапарбаев.

Үлкен минералды азотты-кремний су қоры 20 ғасырдың 50-жылдарының соңында Шалқар ауданында табылған. 1961 жылы қалада минералды су құятын шағын цех ашылды, ал 1979 жылы ол қалпына келтіріліп, жаңа зауыт салынды. Емдік-асханалық минералды судың құрамы шынымен бірегей және пайдалы, "Шалқар" суы Кеңес Одағының бүкіл дәріханаларында сатылатын. 

90-шы жылдардан бастап зауыт тұрып қалды. Бүгінде мұнда бір күнге сыйымдылығы пластикалық және шыны бөтелкелерге 45 000 литр минералды, 75 000 литр газдалған және 0,5 пен 5 литр арасында ауыз су құятын еуропалық  заманауи жабдықтар орналасқан.  

"Жабдықтар, негізінен Италиядан. Минералды су көзінің эксплуатациясына жаңа технологияларды қолданып, оның сапасын нашарлатпай, судың түпнұсқа құрамын өзгертпей және оның қасиеттерін сақтаймыз. Біз өз өнімдерімізді республикадан тыс жерлерде шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін біз сапалы жұмыс жасаймыз, халықаралық сертификаттар аламыз. Тапсырыстар алынады", - деді кәсіпорынның бас технологы Роза Халикова.

Өндірістің басталуымен 40 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу