90 жастағы бодибилдер Гиннестің рекордтар кітабына енді

317

Ол 90 жасында жарысқа қайта қатысып, атағын жаңартты. 

 90 жастағы бодибилдер Гиннестің рекордтар кітабына енді Фото: бейнеден скриншот

АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны Джим Аррингтон 2015 жылы әлемдегі ең қарт бодибилдер атанған еді.

83 жасында Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең қарт бодибилдер ретінде кірген Джим Аррингтон рекордын жаңартты. Ол Рино қаласында өткен Халықаралық бодибилдинг және фитнес федерациясының кәсіпқой лигасының жарысына қатысты.

Аррингтон 70 жастан асқан ерлер санатында үшінші, ал 80 жастан асқан санатта бірінші орын алды.

Спортшының айтуынша, ол 5,5 келі салмақпен дүниеге келген әрі кішкентай кезінде аурушаң болған. Ол жаттығуды 15 жасынан бастаған.

Аррингтон әлі күнге дейін аптасына үш рет екі сағат жаттығу залына барады, әлемдік рекордты бұзу "оған мүлде жаңа ғаламды ашқан".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу