90 жастағы солтүстікқазақстандық әже жеті жылдан бері волонтер болып жүр

292

Шала туған сәбилерге жылы киім тоқып, ойыншық жасайды.  

90 жастағы солтүстікқазақстандық әже жеті жылдан бері волонтер болып жүр Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Петропавл қаласының тұрғыны Александра Плясовских 90 жасында да волонтерлікпен айналысып, шала туған сәбилерге көмектесіп жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Александра Михайловна жеті жылдан бері "Күміс волонтерлер" қозғалысының белсенді мүшесі. Ол қолөнермен айналысып, шала туған сәбилерге жылы киім тоқиды, сондай-ақ ойыншықтар мен түрлі бұйымдар жасайды.

Зейнетке шыққанға дейін ол зауытта аға бақылаушы шебер болып ұзақ жыл еңбек еткен. Кейін тоқымаға деген қызығушылығын қайырымдылыққа бағыттаған.

Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы "Күміс волонтерлер" бастамашыл тобында 40-тан астам адам бар. Олар түрлі қоғамдық бастамаларға қатысып, өз білімі мен тәжірибесін ортаға салып келеді. 

Айта кетейік, Қазақстанда егде жастағы волонтерлер саны 6 мыңға жеткен. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда сегіз есе өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу