90-жылдар стиліндегі сайлау: Атыраудағы учаскеде ерекше фотозона ашылды

265

Құрылтай сайлауы аясында Атырау қаласындағы Кіші өнер академиясында орналасқан №8 сайлау учаскесі алаңында сайлаушылар үшін "90-жылдарды еске ала отырып" атты интерактивті фотозона ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

90-жылдар стиліндегі сайлау: Атыраудағы учаскеде ерекше фотозона ашылды Фото: gov.kz

Арнайы кеңістік 1990-жылдар дәуірінің стиліне сай безендірілген. Фотозонаның басты элементтерінің бірі — "Құрылтай" деген жазуы бар арнайы кілем. Сайлаушылар мұнда естелік суретке түсіп, сол кезеңнің атмосферасын сезіне алады.

Сайлауға алғаш рет қатысып отырған Санат Маратұлы фотозонаның ерекше локация болғанын ерекше айтты.

"Сайлауға алғаш рет қатысып тұрмын. Осы №8 учаскеде ұйымдастырылған фотозона бізге қатты ұнады. 90-жылдарға барып қайтқандай әсер алдық. Достарымызбен бірге фотоға түсіп, жақсы естелік қалдырдық", – деді ол.

Айта кетейік, №8 сайлау учаскесіне барлығы 1088 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру басталғаннан бері 70 адам өз таңдауын жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу