900 млн теңге жымқырған: Астанада халықаралық мектептің бұрынғы директоры мен есепшісі ұсталды

393

Білім беру ұйымындағы жемқорлықты Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.

900 млн теңге жымқырған: Астанада халықаралық мектептің бұрынғы директоры мен есепшісі ұсталды Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті елорда әкімдігіне қарасты "№81 Astana English School" халықаралық мектебінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу іс-шаралары Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп жүргізілген. Нәтижесінде мектептің бұрынғы директоры мен бас бухгалтері жалпы сомасы 900 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды.

Алаяқтық жолмен алынған қаржының бір бөлігі – ата-аналардан дайындық сыныптары мен жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол жиналған ақша. Бұл қаражат мекеме шотына түспей, жеке мақсатта жұмсалып отырған.

Сонымен қатар, тергеу барысында шамамен 16 миллион теңге мектепте іс жүзінде жұмыс істемеген жалған қызметкерлердің атына аударылғаны анықталды. Олардың қатарында күдіктілердің жалған түрде жұмысқа орналастырған туысқандары да бар.

Күдіктілер қылмыстық жолмен келген қаржыға жалпы құны 382 миллион теңге болатын мүлік сатып алған:

  • коттедж үй,
  • Астанадан 2 пәтер,
  • автокөлік.

Сот санкциясымен бұл мүліктерге тыйым салу шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша жүріп жатыр, сол себепті өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу