900 мың адам газбен қамтылады

635

Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға қарай шамамен 246 ауылдық елдімекенге газ тартылатынын жариялады. 

900 мың адам газбен қамтылады

Қазіргі таңда еліміздегі 6 162 елдімекеннің 1 468-і газдандырылған, оның ішінде 1 428-і – ауылдық елдімекен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдімекендерді газдандыру деңгейі 53,07%-ды құрады. Бүгінгі таңда 9 836 мың адам табиғи газға қол жеткізіп отыр. Оның ішінде 4 млн адам ауылдық елдімекенде тұрады", – деді Нұрлан Ноғаев.

Министрдің мәлімдеуінше, өңірлерді газбен қамту жұмысы жалғасып жатыр. 

"Ауылдық елдімекендерді газдандырудың болжамды жоспары жасалды. Соған сәйкес 2025 жылға қарай шамамен 246 ауылдық елдімекенді немесе 900 мың адамды газбен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде: 2021 жылы –52, 2022 жылы – 49, 2023 жылы – 76, 2024 жылы – 31, 2025 жылы - 43 ауылдық елдімекен газбен қамтылуға тиіс", – деді Нұрлан Ноғаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу