913 жылқының күші бар трактор көрменің көркін келтірді

Agritechnica ауылшаруашылық техникасының көрмесінде әлемдегі ең қымбат трактор төбе көрсетті.  

913 жылқының күші бар трактор көрменің көркін келтірді Фото: www.deere.ua

2024 жылы 4 трактор үлгісін қамтыған 9RX шынжыртабанды трактор сериясының жаңартуын американдық өндіруші жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, John Deere Case IH компаниясы қуатты тракторларының жаңашылдығымен бөлісті. Бүгінгі уақытта 9RX желісінде алты үлгі бар. Олар – 490, 540, 590, 640, 710, 770 және 830.

John Deere 9RX 830 сериясының алғашқы үлгісі 2025 жылдың сәуірінде таныстырылғын еді. Бұл трактордың ең жоғары қуаты 913 аттың күшіне тең. Өндірушінің мәліметінше, таулы жерлерде жұмыс істейтіндерге және көбірек жүк таситындарға техника мол мүмкіндік береді.

– Гидравликалық ағынның жоғарылауы агрегатты дәл басқаруға болады және тіпті максималды жүктеме кезінде де рульдік жүйені сақтайды. Сондай-ақ, осы тракторлардың ат күшін арттыруға арналған жаңа e21TM беріліс қорабының арқасында далалық басқаруды жақсарту және қолмен немесе автоматты режимде берілістерді жылдам ауыстыру мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл екі фактор да жалпы егу өнімділігін арттыруға ықпал етеді, – деп ақпараттандырды өндіруші компания.

John Deere 9X 830 – ең қуатты ғана емес, әлемдегі ең қымбат трактор. Оның нарықтағы құны – 1,2 млн доллар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу