919,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді

685

Биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәндегі өсімдік шаруашылығы өнімі 1,3%-ға кем болды. 

919,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Бүгінге дейін 919,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің үкімет отырысында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап. 

Министрдің мәлімдеуінше, 1 қыркүйекте дәнді дақыл шығымы былтырғыдан 33,6% төмен болды.

"Облыс әкімдерінің жедел дерегі бойынша, 1 қыркүйекке дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың орташа түсімі 7,9 центнерді құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы күнгі түсімінен 33,6% аз", – деді Ербол Қарашөкеев

Оның сөзінше, орташа республикалық көрсеткіштен жоғары өнім алған өңір саны көңіл көншітпейді. 

"Облыс бөлінісінде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық орташа деңгейден жоғары өсу қарқыны 5 облыста байқалады. Бұл Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу