94 млрд теңгеге 55 жоба қаржыландырылды

707

Отандық тауар өндірушілерінің реестріне 512 компания енгізілді.

94 млрд теңгеге 55 жоба қаржыландырылды

Президенттің Жолдауы аясында ШОБ-ті қолдау шаралары туралы брифингте Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нариман Әбілшайықов бұл бағатта мегаполисте жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның сөзінше шаһарда "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша тек биылғы жылы 55 жоба қаржыландырылған. 

"Қарапайым заттар экономикасы" бойынша биылғы жылдың 22 қыркүйектегі жағдай бойынша 94 млрд теңгеге 55 жоба қаржыландырылды. Одан кейін отандық бизнесті қолдау мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша өңірлік палата бірлесе отырып www.otp.kz порталын іске қосты. Бұл отандық тауар өндірушілерінің реестрі. Оған 512 алматылық компания енгізілді. Қаладағы өзге де тауар өндіруші өз деректерін аталған реестрге қоса алады. Бұл пилоттық жоба. Егер оң нәтижесін тауып жатса барлық республикалық деңгейде белгіленетін болады", – деді Нариман Әбілшайықов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу