Рұқсат етілмеген митингіге қатысқан 180 адам Қазақстандағы уақытша қабылдау мекемелерінде қамауда, деп мәлім етті ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов.
"Қадағалау өкілеттігі аясында прокуратура ұсталғандардың заңсыз әрекетін түсініктеме бере отырып, отбасылық жағдайын ескеріп, сот орындарына 311 адамның қамау мерзімін қысқарту бойынша ұсыным хат жіберді. 63 адам бүгін шығады. Қазір қамақта 180 адам бар. Оларды қамауда ұстау мерзімі 6 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі аралықта",–деді Сапарбек Нұрпейісов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.
Қазақстанда рұқсат етілмеген митингілерге қатысқан 987 адам әкімшілік жауапкершіліке тартылып, 670 адам қамауға алынды, 115-іне айыппұл салынып, 172 адамға ескерту жасалды.
"Бас прокуратура рұқсат етілмеген акция, митингілерге қатысу заңсыз екенін бірнеше мәрте ескертті. Алайда арандатуға ергендер бірнеше қалада қарсылық акцияларына шықты",- деді Бас прокуратура өкілі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 9, 10 маусым күндері Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында рұқсат етілмеген митингілер болып, оған қатысушылар президент сайлауына байкот жариялауға шақырды. ІІМ мәліметі бойынша, 987 адам. Оның жартысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жазасын еңбекпен түзету жұмыстары арқылы өтеуге Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарына жіберілді.
12 маусым күні Алматыда 250-ге жуық қатысушы ұсталған.
Президент сайлау кезінде ұйымдастырылған рұқсат етілмеген митингілер ҚДТ экстремистік ұйым жақтаушыларымен ұйымдастырылды.
Видео: