96 жасар қарағандылық қария Қазақстан Президентін сайлауға қатысты

997

Бүркіт Есжанов Көгілдір тоғандар шағын ауданындағы №77 орта білім беру мектебінің сайлау учаскесінде дауыс берді.

96 жасар қарағандылық қария Қазақстан Президентін сайлауға қатысты

Қарағанды қаласының ең қарт тұрғындарының бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, 96 жасар Бүркіт Есжанов Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысты. Сайлау учаскесіне ол жұбайымен бірге келді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Бүркіт Есжанов Көгілдір тоғандар шағын ауданындағы №77 орта білім беру мектебінің сайлау учаскесінде дауыс берді. Ардагер учаске барлық қажетті құралдармен жабдықталғанын және оған дауыс беру жайлы болғанын атап өтті.

"Бүгін біздің республика үшін үлкен мереке - сайлау күні. Біз жұбайымызбен осында келіп, дауыс бердік. Біз таңдаған адам жұмысқа қабілетті, халықтың, еңбекшілердің өтініштеріне мұқият болатынына сенімдімін", –­ деді Бүркіт Есжанов. 

Қарағанды облысының барлық сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне сәйкес жабдықталды: олар үшін дауыс беруге арналған жеке кабинкалар орнатылды және жәшіктерге ыңғайлы қол жеткізуі үшін жағдай жасалды. Кейбір учаскелерде буфеттер жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу