96 жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

506

Шымкентте жүзге жуық жұмысшы, өткен жылы істеген еңбектерінің ақысын ала алмай жүр. 

96 жұмысшы жалақысын ала алмай жүр Фото: google

4 бірдей жұмыс берушінің 96 азамат алдындағы берешегі, 17 млн теңгеден асады. Қордаланған жалақы қарызының ең көбі, "Антрас секюрити" күзет компаниясына тиесілі. Аталған серіктестік, өзінің 21 жұмысшысына 8 млн теңге көлемінде қарыз.

Жалпы былтыр қалалық еңбек инспекциясына 1670 адам арызданған. Еңбек инспекциясының араласуымен 1480 азаматтың 240 млн теңге жалақысы өндірілген. Ал, айлықты кешіктірген 80-ге жуық компанияға айыппұл салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу