Алматыда 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды

416

Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңге болды.

Алматыда 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды Фото: gov.kz

Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде "Capital Bank Kazakhstan" АҚ мен "AsiaCreditBank" АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.

Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңге болды.

Прокуратура Ұлттық банктің мүддесіне, "Ш" жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді", - делінген прокуратура хабарламасында.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу