Сайран су қоймасын қайта құруға жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр – Досаев

806

Алматы қаласының әкімі тұрғындармен кездесу барысында "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасына да тоқтала кетті, деп жазады inbusiness.kz. Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Сайран су қоймасын қайта құруға жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр – Досаев

Жыл басынан бері 8 үйдің жалпы пайдалану орындары жөнделгенін және 97 үйде 190 лифт ауыстырылғанын мәлімдеді. Жыл соңына дейін 8 үйдегі 12 лифтті қосымша ауыстыру және 32 үйдегі жалпы пайдалану орындарын жөндеу жоспарлануда екенін айтты.

 "Халықтың бюджетке қатысуы" жобасы аясында ағымдағы жылы барлық іріктелген 23 жоба бойынша құны 800 млн теңге  болатын құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаларды жүзеге асыру тамыз айының соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ әкім 2022 жылдың соңына дейін Сайран су қоймасының түбін механикалық тазарту жұмыстары басталатынын атап өтті. Іргелес аумақты қатар абаттандыра отырып, су қоймасын қайта құруға ЖСҚ әзірленуде. Әзірлеу аяқталғаннан кейін 2023 жылдың 2 тоқсанында жөндеу жұмыстарына кірісу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу