99 әкім өкілеттіктерін ары қарай жалғастыратын болды

1119

99 әкім өкілеттіктерін ары қарай жалғастыратын болды

Бүгін Ақмола облысының аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер және ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Адылхан Шаяхметов баяндады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстың 19 өңірінде жергілікті атқарушы органдармен, мәслихаттармен және кандидаттармен бекітілген кестеге сәйкес 24 шілдеден 4 тамызға дейін кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері өтті. Бұған әкімге 305 кандидат қатысты.

Бүгін сайлау қорытындысы бойынша Ақмола облысының 157 аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер және ауыл әкімдері сайланғаны туралы белгілі болды. 2013 жылы сайланған 99 әкім өздерінің өкілеттіктерін бұдан ары атқарады. Әкімдердің орташа жасы 45. Барлығы жоғары білімді.  

Бұдан басқа, сайлауға 77 байқаушы қатысты, соның ішінде "Нұр Отан" партиясынан, Қазақстан халықтық коммунистік партиясынан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кандидаттардың 35 сенімді тұлғалары.

Сайлау қортыныдылары және сайланған әкімнің тіркелуі жөнінде аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімінің аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс орны және атқаратын лауазымы жөніндегі ақпаратты жергілікті БАҚ жариялайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу