99 мың пәтер пайдалануға берілмек

1062

99 мың пәтер пайдалануға берілмек

ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 10,1 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді (99 мың пәтер) пайдалануға беру күтілуде. 

"Биыл 8 айда барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,9 млн шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға жоғары көрсеткіш. Мемлекеттік инвестиция есебінен 636,2мың шаршы метр (9,2%) немесе 10366 пәтер тапсырылды", - деді комитет төрағасы "Нұрлы жер" бағдарламасының іске асырылу барысына арналған брифингте.

Биыл сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына 25 млрд теңге мақсатты трансферт бөлінді және өңірлерге 1,5 млрд теңгеден таратылды. Өңірлерге аударылған 14,3 млрд теңге қаржының 1 қыркүйектегі есеп бойынша 13,3 млрд теңгесі немесе 93,3%-ы игерілді. Биыл 150 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарлануда.

Тағы бір айта кететін жайт, қазіргі таңда екінші деңгейлі 5 банк бағдарламаны белсенді іске асыруға кірісті. Олар: "Сбербанк", "АТФ Банк", "БЦК", "Bank RBK",  "ҚТҚЖБ", "Банк ВТБ" банктері.

Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға, соның ішінде жеке тұрғын үй салынып жатқан жерлерге инженерлік коммуникация тартуға биыл республикалық бюджеттен 83,4 млрд мақстатты трансферт бөлінді. Жалпы, алдағы уақытта 60 мың жеке тұрғын үй құрылысы салынатын жер учаскелерін инженерлік коммуникациямен қамту көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу