Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Бақытжан Сағынтаев вице-министрлерді қызметке тағайындау және босату өз құзіретіне жататындығын атап өте келе, өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқара алмаған ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босататындығын айтты, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан.
Сонымен қатар үкімет басшысы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Данияр Берлібаевтың жүктелген міндетін дұрыс орындамағаны үшін қызметтік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдау керектігін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу