Болашақта қай саланың жұмысын роботтар атқарады, қай мамандық иелерін құлтемір ысырып шығарады. Бұл туралы рекрутинг және консалтинг компаниясы агенттігінің мамандары пікір білдірді, деп хабарлайды lsm.kz.
Antal Kazakhstan рекрутингтік агенттігінің директоры Анна Ковинскаяның пікірінше, болашақта жұмысын робот тартып алатындар қатарына көлік жүргізуші, есепші, жүйелік администратор, риелтор, пошташы, кітапханашы және копирайтер, нотариус қызметтері ілігуі мүмкін.
"Бірақ бұл бірден жүзеге аса қоймайды. Кез-келген жаңалықтың енуі үшін уақыт керек. Сонымен қатар сынақтан өткізу үшін сол салада роботпен қатар адамдар да жұмыс жасауы керек болады. Содан кейін ғана жүйе өзінің тиімділігін дәлелдесе, роботтандыру үдерісі басталмақ", - дейді Ковинская.
Ernst&Young дербес басқару жөніндегі консультациялық қызмет бөлімінің менеджері Дамир Деминов физикалық қимылдың қайталануымен атқарылатын жұмыстар (мысалы: қаптаманы орау және қаттау) немесе мәліметтерді жинау немесе өңдеу (мысалы: қолдау қызметіне түскен өтінімдерді реттеу) секілді істерді де құлтемірлер атқармақ.
Соңғы зерттеулер бойынша, бұл салаларда 30 пайыз маман жұмыссыз қалады екен.