Диқандар су тапшылығынан жерін қайтадан мемлекетке өткізуге мәжбүр

1328

Диқандар су тапшылығынан жерін қайтадан мемлекетке өткізуге мәжбүр

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында 14 мың гектардай суармалы алқап игерілмей бос жатыр. Диқанның біразы су тапшылығына байланысты қарамағындағы жерлерін қайтадан мемлекетке өткізуге мәжбүр, деп хабарлайды 24.kz.

Барлық гәп – сыйымдылығы 55 миллион текше метр болатын Қарақол су қоймасының іске қосылмай отырғанында. Құрылысы өткен ғасырдың 80-ші жылдары басталып, жұмыстардың 60 пайызы атқарылғанмен маңызды нысан әлі күнге қаңырап тұр.

"Жаздың ортасында суымыз азайып кетеді. Су көбейсе, картоп, қызанақ, қияр, бәрін салып, шетелдерге жіберетін едік. Әзірше тек қауын, қарбыз өсіріп отырмыз. Су көбейсе, бәрін жасар едік. 20 гектар ғана емес, 30-40 гектар игеретін едік. Бос жатқан жер көп. Су жетпегендіктен, халықтың бәрі бір-екі гектар ғана салып отыр", - дейді Шолпан ауылының тұрғыны Айқын Болысбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу