Көше саудасын дамытуға 90 миллион теңге көлемінде инвестиция тартылды

791

Көше саудасын дамытуға 90 миллион теңге көлемінде инвестиция тартылды

Сауда инфрақұрылымын кеңейту бойынша үшінші міндетті іске асыру үшін Астана қаласында жыл соңына дейін 50 модульдік сауда павильоны іске қосылады. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.

Осы мақсатта, елорда әкімдігі жер телімін бөліп, "Көше саудасын дамыту" бағдарламасы аясында 90 млн теңге көлемінде инвестиция тартқан.
ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің дерегі бойынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана қаласының аумағында 1 002,8 мың адам тұрады. Аталған халық қажеттілігін азық-түлік өнімін тұтынудың минималды нормасына сәйкес қанағаттандыру үшін 617,2 мың тоннаға жуық негізгі азық-түлік тауары қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу