Кедейлер тапқанын тамаққа ғана жұмсауда

2284

Кедейлер тапқанын тамаққа ғана жұмсауда

Қазақстанда байлар мен кедейлердің табысы арасындағы айырмашылық жылдан-жылға алшақтап барады, деп хабарлайды finprom.kz сараптама порталы.

2017 жылдың 2 тоқсанында өткен жылдағы балама уақытпен салыстырғанда бай адамдардың табысы 15,8 пайызға өссе, ең кедей адамдардың табысы 9,1 пайызға ғана жылжыған.

Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек, кедей мен бай табысының айырмашылығы 5,8 есе болды.

Әлеуметтік аз қамтылғандар табысының төмендеуі 2016 жылдың соңынан бері байқалуда.

Тұрмысы төмендердің табысының 54,7 пайызы азық-түлік алуға кетеді. Ал аяқ киім, техника, киім секілді азықтық емес зат алуға кедейлердің ақшасы жете бермейді. Егер 2012-2013 жылдары кедейлер бұндай заттарға табысының 30 пайызын жұмсаса, қазір тек 20 пайызға жетер-жетпес қана жаратуға тырысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу