Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

1106

Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі жағдайы, сондай-ақ министрліктің жұмыс жоспарларының іске асырылу нәтижелері жөнінде мәлімделді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрі Жоғарғы бас қолбасшыға "Қаратау-2017" жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қорытындылары туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік қолбасшылықтың әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу