А.Аймағамбетов: Мұғалімнің цифрлы профилі жобасы желтоқсанда іске қосылады

751

Профильде мұғалім мен оның жетістіктері туралы ақпарат жарияланбақ.  

А.Аймағамбетов: Мұғалімнің цифрлы профилі жобасы желтоқсанда іске қосылады Фото: facebook.com/askhat.aimagambetov

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылғы желтоқсанда мұғалімнің цифрлы профилі пилоттық режимде іске қосылатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Профиль педагогтерге түрлі қызметтерді алуға көмектесетін бірыңғай жүйе болады. Бос орындар конкурсына қатысу, аттестация үшін құжаттарды тапсыру, "Жыл мұғалімі" ретінде конкурстар, курстарға қатысуға сұраныс жасау қажет болады, ал кейін өтініш автоматты түрде қалыптасады. Барлық қолжетімді және қажетті деректер Ұлттық білім беру деректер қорынан алынады", – деді министр.

Асхат Аймағамбетов сондай-ақ білім беру саласындағы цифрлы шешімдерді қолдану туралы баяндады. Республикалық "Үздік педагог" байқауын өткізу шарттары цифровизация жетістіктерімен жаңартылмақ.

"Біз қатысушылардың кейбір деректерін автоматты түрде алу үшін Ұлттық білім беректер қоры ақпараттық жүйесімен кеңірек интеграциялауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, белгілі бір талаптарға сәйкес, қажетті құжаттар қоса тіркелетін форматты-логикалық бақылаудың кең жиынтығын қосамыз. Себебі, мұғалімдер 50-ден астам түрлі сертификатты жүктеген жағдайлар да болды", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда жас мұғалімдер көбейген. Мектеп мұғалімдері арасында пәндер бойынша бастауыш сынып (849 адам), қазақ тілі мен әдебиеті (800 адам), ағылшын тілі (507 адам) және математика (433 адам) бойынша жас мұғалімдер үлесі басым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу