Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бүгінгі күні елімізде мектептердегі оқушы орнының тапшылығы 200 мыңнан асады. Болжам бойынша 2025 жылға қарай жалпы қажеттілік 1 млн орынға жетеді. Ұлттық жоба аясында кемінде 800 мың оқушы орны ашылады. Бұл оқушы орнының тапшылғы, үш ауысымда оқитын және апатты мектептердің мәселесін толығымен шешеді. "Жайлы мектеп" жобасы аясында мектептерді салу мен жабдықтаудың бірыңғай стандарты жұмыс істейді. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи пән кабинеттерімен, зертханалармен толық қамтамасыз етіледі", – деді Оқу-ағарту министрі.