Министр жедел жәрдем дәрігерлері енді видеожетон тағатынын айтты

182

Бұдан быдай жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларға видеожетон тағып барады.  

Министр жедел жәрдем дәрігерлері енді видеожетон тағатынын айтты Фото: total.kz

Болашақта видеожетонды емханадағы дәрігерлер мен медбикелер де пайдаланады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрлігі ақхалаттылардың қауіпсіздігі үшін медицина қызметкерлерін видеожетон тағып жүруге міндеттемек.

– Біз осы нормаға былтыр бастамашы болған едік. Ал енді биыл тиісті бұйрықтарға енгіздік. Пилоттық режимде Алматы мен Астанада облыстық жедел жәрдем станцияларындағы медициналық қызметкерлердің видеожетон тағуы мәселесін пысықтадық. Бұл медициналық қызметкерлерді де, кейбір бұзақыларды тәртіпке үйретеді, – дейді Ақмарал Әлназарова Үкіметте өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, бірінші кезекте видеожетонмен жедел жәрдем қызметкерлері қамтылса, екінші кезеңде емханалардағы дәрігерлер мен медбикелерді видеожетонмен қамтамасыз ету қарастырылып жатыр.

– Менің ойымша, мұны іске асыру үшін бізге үш ай уақыт керек. Ал жетондарды сатып алу жұмысы медициналық ұйымдар мен әкімдіктер тарапынан жүзеге асады, – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу