Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы Парижде атап өтіледі

1275

4 қазанда Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде көрнекті қоғам қайраткері, лингвист және жазушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған "дөңгелек үстел" өтеді.

Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы Парижде атап өтіледі

Іс-шараға Қазақстан Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Талғат Ешенқұлов, ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары, сонымен бірге Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Германиядан ғалымдар қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сондай-ақ опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай "Сазген сазы" этно-фольклорлық ансамблі, халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Чотабаев, Жұбаныш Жексенұлы, Ренат Гайсин, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаты Ерке Есмаханның қатысуымен салтанатты концерт өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 41-ші сессиясында бұл екі маңызды күн ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған атаулы күндер тізіміне енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу