А.Цой: Коронавирустың таралуын тежеу үшін дәрігерлік құпияны ашуға болады

12285

Цойдың тағы бір мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды  Atameken Business.      

А.Цой: Коронавирустың таралуын тежеу үшін дәрігерлік құпияны ашуға болады

Әңгіме, "қызыл" статуысымен  қоғамдық орындарда қаннен-қаперсіз жүргендердің есімдерінің БАҚ беттерінде жариялануына қатысты боп тұр. Сөйтсе, коронавирустың таралуын тежеу үшін дәрігерлік құпияны ашуға болады екен. Алматыда "қызыл" мәртебесі бола тұра, оқшауланбай көше кезушілердің аты-жөні жарияланды. 80-ге жуық алматылық өзінің қауіпті екенін білсе де, 14 күндік карантинді сақтамаған. Оларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Қаланың сан-эпид қызметінің хабарлауынша,  "қызыл" мәртебесі барларға ескерту жасалған. Оған құлақ аспағандарды жазалау үшін есімдерін жариялауға мәжбүр болған. Бұл басқаларға да сабақ болуы тиіс,- дейді қоғамдық денсаулыққа жауаптылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу