А.Қадыров Алеппо мешітін қалпына келтіруге 14 млн $ аударды

810

А.Қадыров Алеппо мешітін қалпына келтіруге 14 млн $ аударды

2013 жылы террористер қиратқан Алепподағы бас мешітті қалпына келтіруге Шешенстанның Ахмат Қадыров қоры 14 миллион доллар көлемінде қаражат аударды. Бұл туралы Алеппо мүфтиі Махмұд Акем хабарлады, деп жазады ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып kazislam.kz.

Алеппо мүфтиі мешітті қалпына келтіруге осынша қаражатты Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұсынғанын атап кетті.

"Рамзан Қадыров бізге көмек қолын созды. Қиын сәтте көмектесу қажет деп шешті, ол сондай-ақ терроризмге қарсы күресте аянбайды, экстремизмнің кез келген түрін қатаң айыптайды. Біздің ойымыз ортақ, пікіріміз үндес. Мен оның Сирия халқына деген бауырмалдылығын сезіндім" дейді мүфти.

Алдын ала жобаға сәйкес, Алеппо орталық мешітін қалпына келтіру жұмыстары екі жыл бойына жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу