А.Клебановқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтеді

520

Жәбірленушілердің өтініші бойынша сот осындай шешім қабылдады.

А.Клебановқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтеді Фото: КазТАГ

Қазақстандық журналистерге жасалған шабуылдар бойынша қылмыстық тергеу жабық режимде өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы сотының мәліметінше, жәбірленушілердің өтініші бойынша А.Клебановқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтеді. 

"20 қыркүйек күні Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.Клебановқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы тергеушінің қаулысын қарау бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бірқатар жәбірленушіден сот отырыстарын жабық режимде өткізу туралы өтініш түсті", деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі. 

Сот аталған тұлғалардың және олардың отбасы мүшелерінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді жария етуге жол бермеу қажеттілігін ескере отырып, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес, аталған өтінішхатты қанағаттандырды. 

Одан әрі сот отырысы жабық түрде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу