А.Недовесов Истбурндағы жарыстың ширек финалына өтті

449

Өткен аптада қазақстандық теннисші маусымның алғашқы титулын жеңіп алды.

А.Недовесов Истбурндағы жарыстың ширек финалына өтті Фото: olympic.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Александр Недовесов Ұлыбританиядағы Истбурн ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы кездесуін швециялық Андре Горанссон – жапониялық Бен Маклахланмен өткізді.

Бірінші партияда швециялық-жапониялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Олардың екінші сетте де матчты жеңіспен түйіндейтін мүмкіндіктері болғанымен, оны пайдалана алмады.

Есесіне А.Недовесов пен Г.Эскобар таразы басын аудара білді – 7:6 (12:10). Сосын супер тай-брейкте дес бермеді – 10:5.

А.Недовесов пен Г.Эскобар жартылай финалға шығу үшін жарыстың 4-ракеткалары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павичпен таласады.

Ширек финалдық матч 29 маусымда өтеді, оның басталуы – Қазақстан астанасының уақыты бойынша 16:00.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу