Ә.Сқақов: Екібастұз тұрғындарына жылу үшін төлем қайта есептеледі

659

Екібастұз тұрғындарына жылумен жабдықтау саласындағы қызметтер үшін қайта есептеу жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.  

Ә.Сқақов: Екібастұз тұрғындарына жылу үшін төлем қайта есептеледі Фото: Константин Шелков

"Компания жылумен жабдықтау саласындағы қызметтер үшін толығымен қайта есептеу жүргізеді, барлық тұрғындарға өтемақы төленеді", - деді Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Әбілқайыр Сқақов Екібастұзда өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ облыс әкімінің айтуынша, электр энергиясы үшін шығындарды өтеу мәселесі пысықталуда. Шығындарды жабуды "Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясына" (ОАЭК) жүктеу жоспарланған.

"Нормативтерге сәйкес, қала тұрғындары әдетте шамамен 32 МВт электр энергиясын тұтынады, жылытқыштар таратылғаннан кейін ол 50-52 МВт-қа дейін өсті. Біз KEGOC-тан деректерді көріп отырмыз, егер тұйықталу немесе басқа да проблемалар туындаса, бригадаларды жібереміз", - деп толықтырды Ә.Сқақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу