Ә.Смайылов ArcelorMittal басшысынан кеншілердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті

601

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz  Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

Ә.Смайылов ArcelorMittal басшысынан кеншілердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті Фото: primeminister.kz

Кездесу барысында Әлихан Смайылов комбинат жұмысының тұрақтылығын, кеншілердің жұмыспен қамтылуын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.

Үкімет басшысы өндіріс көлемін төмендетуге, сондай-ақ қазақстандық өнімді өткізу нарығын жоғалтуға болмайтынын атап өтті.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық талапты орындауға дайын екенін мәлімдеді. Кәсіпорынның одан әрі жұмысы бойынша келіссөздер жақын арада жалғасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу