Смайылов азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын 4 ақпанға дейін Үкіметке енгізуді тапсырды

811

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.  

Смайылов азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын 4 ақпанға дейін Үкіметке енгізуді тапсырды

Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.

18 заңнамалық актіге – 7 Кодекс пен 11 Заңға түзету енгізу жоспарланған. Үкімет басшысы Заң жобасын осы жылдың 4 ақпанына дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізуді тапсырды.

"Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын", – деді Әлихан Смайылов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу