Ә.Смайылов: Экономиканың негізгі секторларын демонополизациялау жұмыстарын жеделдету керек

640

Бұл туралы inbusiness.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ә.Смайылов: Экономиканың негізгі секторларын демонополизациялау жұмыстарын жеделдету керек Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін, Қаржылық мониторинг агенттігінің және басқа да ведомстволар басшылығының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Қатысушылар мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару барысын, теміржол жүк тасымалы нарығындағы жасанды монополияларды жою жөніндегі шараларды және астық тасымалдау нарығы субъектілерінің жауапкершілігін арттыру тетіктерін талқылады.

Премьер-Министр алдағы уақытта нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін басталған істер бойынша рәсімдерді және жалпы экономиканың негізгі секторларын демонополизациялау қарқынын жеделдетудің маңызын атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу