Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жылына тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 100 мыңнан астам өтініш түседі. Соның 60%-ында жәбірленушілер құқық бұзушыға шара қабылдаудан бас тартады екен.
Елімізде отбасының шырқын бұзушыларды оңалту және олармен тәрбие жұмысын жүргізуді қамтитын қадамдар әзірленді. Бұдан өзге полицияға құқық бұзушыны жәбірленушінің өтінішінсіз, яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша жауапқа тартуға мүмкіндік беру тетігі жасалмақ. Әкімшілік қамауға 5 тәулікке жабылады, тергеу кезеңінде отбасы шырқын бұзушыны оқшаулап, сот шешімімен қамауға алу мүмкіндігі ұсынылып жатыр.
Сондай-ақ тараптардың бір рет және сотта ғана татуласуына мүмкіндік беру қарастырылуда.