Ә.Смайылов: Салықты жетілдіруге қатысты 77 ұсыныс қаралып жатыр

911

"Атамекен бизнес" арнасының ресми жолдаған сауалына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов оны растап, жауап қайтарды.  

Ә.Смайылов: Салықты жетілдіруге қатысты 77 ұсыныс қаралып жатыр

Салықты жетілдіруге қатысты ұсыныстарды қарайтын жұмыс тобының құрылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

Түсіндірмеге қарағанда, ол 23-мамырдағы Үкімет қаулысына сәйкес,  Ұлттық экономика министрлігіне қарасты бекітілген. Жұмыс тобының бірнеше отырысы да өтіп қойыпты. Ал құрамына – Үкімет мүшелерімен қатар қоғамдық ұйымдар мен Парламент және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірген.

Әзірге салықтық түзетуге қатысты 77 ұсыныс түсіпті. Соның бірі – қосымша құн салағын 16%-ға, ал ұжымдық табыс салығын 24%-ға дейін өсіру. Бірақ оған бизнес-қауымдастық қарсылық білдіріп жатыр. Мәселен, "Қазақстан астықты қайта өңдеушілер мен нан пісірушілер одағының" Президенті Егений Ган айтуынша, бұл – Үкімет үшін ғана болмаса, кәсіпкер үшін көк тиынға да пайдасы жоқ өзгерту. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қосымша құн салығы – 12%-ды, ал ұжымдық табыс салығы – 20%-ды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу