Ә.Смайылов заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын пысықтауды тапсырды

522

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ә.Смайылов заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын пысықтауды тапсырды Фото: primeminister.kz

Отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады.

"Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жоюға, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыруға немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеруге және т. б. бағытталған нормалар қарастырылған. Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін талдау нәтижелері бойынша активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарлануда. Активтердің иесі олардың шығу тегін растай алмаған жағдайда, негізсіз сатып алынған деп танылады және мемлекет кірісіне айналады", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, келіп түсетін активтерді ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделген.

Әлихан Смайылов Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын мұқият пысықтауды жалғастыруды тапсырды.

Бұдан бөлек кеңес отырысында ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері де ортаға салынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу