А1 деңгейінде ағылшын тілін меңгерген мұғалімдерге сертификат табысталды

1234

А1 деңгейінде ағылшын тілін меңгерген мұғалімдерге сертификат табысталды

Павлодарда 37 мұғалімге физика, химия, биология және информатика пәндері бойынша "Clil" әдісі арқылы А1 деңгейінде ағылшын тілін меңгергені үшін сертификат табысталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, бес апталық курсты "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған.

"Отырыстың тақырыбы білім беру үрдісінде "Clil" әдісін қолданып, пән мен тілді қосып, кіріктірілген оқытуды ұйымдастыруға арналды. Нәтижесінде бірден екі мақсатқа жетуге болады: ағылшын тілі арқылы сабақ мазмұнын түсіндіру және пәндерді меңгеру арқылы ғылыми тіл дағдыларын дамыту. Бұл көптілділікті енгізу бойынша жұмыс жасайтын пән мұғалімдері үшін өзекті мәселе болып табылады. Модераторлар сауалнама арқылы мұғалімдердің оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде қаншалықты стратегиялар мен әдістерді тиімді қолданатындығын анықтайды. Топ отырысында заманауи жағдайында көптілділікті жүзеге асыруда SWOT талдауы құрастырылды. Топ жұмыстарының қорытындысы бойынша білім беру мекемелерін әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жоспарланды", - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу