"20 жылдан бері террористпін": ТикТоктағы эфирде заң бұзған 2 әйел полицияға жеткізілді

85

Тікелей эфирде құқық бұзған екі әйелге қатысты үш әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"20 жылдан бері террористпін": ТикТоктағы эфирде заң бұзған 2 әйел полицияға жеткізілді Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізу барысында құқыққа қайшы әрекеттерге барған 38 және 39 жастағы екі әйелді полиция қызметкерлері анықтады.

Екі азаматша да полиция басқармасына жеткізілді. Анықталған деректер бойынша оларға қатысты ұсақ бұзақылық жасау, құқыққа қайшы контент тарату, сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киім кию фактілері бойынша үш әкімшілік іс қозғалды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар әйелдермен теологтың қатысуымен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Әңгіме барысында оларға қолданыстағы заңнама талаптары, қоғамдық тәртіп нормалары және мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Полиция департаменті әлеуметтік желілерде де заң талаптары толық сақталуы керектігін ескертеді. Ведомствоның мәліметінше, тікелей эфир барысында жасалған кез келген құқыққа қайшы әрекет назардан тыс қалмайды. Мұндай жағдайларға заң аясында тиісті баға беріліп, құқық бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу