АӘК алған 100 мыңнан астам отбасы өткен жылы кедейлік жағдайынан шықты

419

Өңірлік бөліністе АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 25,1 мың отбасы.

АӘК алған 100 мыңнан астам отбасы өткен жылы кедейлік жағдайынан шықты Фото: inbusiness.kz

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 100,4 мың отбасы 2023 жылы кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

2022 жылы АӘК алушылар саны 141,5 мың отбасын (728,7 мың адам) құрады, осы жылдың 1 тамызында 102,7 мың отбасы АӘК (538,9 мың адам) алды.

Өңірлік бөліністе биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 25,1 мың отбасы немесе 24,4%, Шымкент қаласында – 11,1 мың отбасы немесе 10,8%, Қызылорда облысында – 8,8 мың отбасы немесе 8,6%, Алматы облысында – 8,6 мың отбасы немесе 8,4%, Жамбыл облысында – 7,2 мың отбасы немесе 7%, Жетісу облысында – 6,2 мың отбасы немесе 6% тіркелген.

АӘК тағайындауларының ең аз саны Ұлытау облысында – 459 отбасы немесе 0,4%, Атырау облысында – 903 мың отбасы немесе 0,9%, Солтүстік Қазақстан облысында – 1,4 мың отбасы немесе 1,3%, Қарағанды облысында – 1,7 мың отбасы немесе 1,6% тіркелген.

АӘК алушылардың құрылымында басым көпшілігі балалардың үлесінде – 65,9% немесе 355,2 мың адам, 14,9% немесе 80,1 мың адам – жұмыс істейтін азаматтар; 13% немесе 70 мың адам – балаларға, қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдар; қалған 6,2% – азаматтардың басқа санаттарына тиесілі.

Қабылданған шаралардың, әсіресе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартудың нәтижесінде 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 141,5 мың отбасы, өз өмірін қалыпқа келтіру үшін берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланған 100,4 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу