2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын 11,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 6,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 3,6 мың адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 895 адам, жастар практикасы арқылы 50 адам жұмысқа орналастырылды. Оқытумен 66 адам қамтылды, 246 АӘК алушыға кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдем көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Еңбекминге сілтеме жасап.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға АӘК тағайындалды.
Шартсыз ақшалай көмек – құрамында еңбекке қабілетті адамдар жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі 3 жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарға күтім жасауды жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек – құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға көрсетіледі. Бұл ретте олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына белсенді қатысуы міндетті шарт болып табылады.
Шартты ақшалай көмекті еңбекке қабілетті алушылардың құрылымында – 124,8 мың адам, оның ішінде 72,7 мың адам өтініш берген кезде жұмыс істеген, 282 адам тәуелсіз жұмыскерлер, 44,4 мың адам күтіммен айналысқан, 7,4 мың адам жұмыссыз болған.