АӘК алушылардың басым бөлігі – балалар

731

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АӘК алушылардың басым бөлігі – балалар

"АӘК алушылар құрылымында басым көпшілігі балалар үлесіне тиесілі – 63,1%-ы немесе 623,9 мың адам. 18,3%-ы немесе 181,6 мың адам – жұмыс істейтін азаматтар; 10,2% немесе 101,4 мың адам – балаларды, қарт адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды күтетін адамдар; қалған 8,4%-ы азаматтардың басқа санаттарына тиесілі", – деді спикер. 

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып отырған 571,1 мың адамның 63,6%-ы немесе 363,1 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар.

"Бұл ретте жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес АӘК алушы отбасылардың 99%-да кемінде бір баласы болады. Көмек алушы отбасылар арасында көпбалалы отбасылар саны 40,4% немесе 44 966 көпбалалы отбасы. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,5%-ға жоғары (37,9%)", – деп атап өтті Асқар Ниязов.

ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры табысы аз отбасылардың әл-ауқатын арттыру тұрақты негізде барлық еңбекке қабілетті АӘК алушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен шартты атаулы көмек алатын 160,6 мың отбасының 273,4 мың еңбекке қабілетті тұлғаларының ішінен 206,5 мың адам қамтылды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу