АӘК тағайындау медиандық табыс деңгейі арқылы анықталады

Бұған дейін ол ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша айқындалатын. 

АӘК тағайындау медиандық табыс деңгейі арқылы анықталады Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тағы бір маңызды өзгеріс – 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің орнына медиандық табыс деңгейі арқылы анықталады", – деп қосты Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансфомациялау, оның басты мақсаты мүгедектігі бар адамдар үшін, әсіресе ауылдық жерлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

"Жан басына шаққандағы норматив енгізу көзделіп отыр. Қызметтер үшін жеке нормативтер, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін шекті бағалар болады. Бұл өзгерістер, бір жағынан, кейбір қызмет түрлерін немесе тауарларды одан әрі монетизациялауға әкеледі, екінші жағынан, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға жеке секторды кеңінен тарту саланың инфрақұрылымын ауылдық жерлерге жеткізуге мүмкіндік береді", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу