Шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін енгізіледі, деп хабарлайды. Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.
Бірінші кезекте жәрдемақы құрамы, тұратын мекенжайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалады. Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін деректерді тексеру жүргізіледі, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркелу (тіркеу), жылжымайтын мүліктің , көліктің болуы , табысы және т. б. тексеріледі. Отбасы құрамы өзгермеген жағдайда өтініштер қолда бар деректер негізінде қалыптастырылады. Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта және мессенджерлер арқылы жіберілетін болады.
Ағымдағы жылдың басынан бері АӘК алушылар 102,4 мың отбасы немесе 527,6 мың адам болды.
Өңірлерде 2,6 мыңнан астам учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олардың мәліметтері бойынша, АӘК алушылардың 41,5%-ын көпбалалы отбасылар құрайды.
Осыған ұқсас схема бойынша шартты әлеуметтік көмекті тағайындау көзделген. Егер әлеуметтік көмек алушының мәртебесі өзгермесе, жеке жоспарда 2020 жылғы 1-тоқсанымен ұқсас шаралар көрсетіледі. Барлық хабарламалар электрондық түрде жіберілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында 1,5 млн қазақстандыққа проактивті форматта көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған болатын. Азаматтар төлемді 2020 жылдың қаңтар айының басында алды.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға бірқатар қызметтерді алуға онлайн-өтініш беру мүмкіндігін ұсынды. Мысалы, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және т.б. өтініштерді онлайн-беру тетігімен толығырақ мына жерден танысуға болады https://enbek.gov.kz/kk/node/367028.