Абаев Елбасының Ресей мен Украинаны татуластыру бастамасына пікір білдірді

834

Бұған дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірген болатын.  

Абаев Елбасының Ресей мен Украинаны татуластыру бастамасына пікір білдірді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийді Қазақстанда кездестіру бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кездесудің ұйымдастырылатыны туралы нақты перспективалар туралы айтуға әлі ерте. Бұл жерде мәселе күрделі дипломатиялық қарым-қатынасқа байланысты. Бізге бауырлас екі елдің, мемлекеттің қақтығысының кейінгі жылдары агрессивті риторикамен ушыққаны соншалық, бір сәтте оны шеше салу мүмкін емес. Алайда бәрі де жағдайды өзгерту керектігін ұғынып отыр. Келіссөз жүргізудің Нормандтық немесе өзге де форматтарын кемшін демеймін. Біздің Елбасы жағдайдың бейбіт шешілуіне қатысты өз көзқарасын білдірді", – деді Дәурен Абаев "Ашық диалог" бағдарламасында.

Министр өз сөзінде қазақта "елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан" деген сөзін еске салды.

"Бұл сөздің мәнін көпшілік түсінер деген ойдамын. Күні кеше халықаралық деңгейдегі абыройлы басылымдардың бірқатары Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін белсенді түрде жариялады. Путин мен Зеленскийді келіссөздер үстелінде кездестіру бастамасы кеше ғана ешкімнің ойына келмегенімен, бүгінгі күні сарапшылар мұндай қадамның оң және теріс жақтарын таразылай бастады. Ал мұның өзі өте жақсы белгі", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу