Абай Әбілда "Оттан жаралғандар" фильмімен бас жүлдеге ие болды

1482

Абай Әбілда "Оттан жаралғандар" фильмімен бас жүлдеге ие болды

Халықаралық "Алтын сақа" анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды blognews.kz.

Қазылар алқасының шешімімен Алматы қаласының аниматоры Абай Әбілда "Оттан жаралғандар" фильмімен бас жүлдеге ие болды. Жүлделі бірінші орынды Өзбекстан Республикасының қатысушысы Дмитрий Власов "Гончар" қиял-ғажайып ертегісімен алса, екінші орынмен Түркия мемлекетінің аниматоры Ариф Османоглу "Теңіз қарақшылары" фильмімен жəне Қырғызстан Республикасының қатысушылары ағайынды Асанбек, Усанбек Алтынбаевтар "Первый камень" жəне "Жизнь" туындылары үшін марапатталды. Алматы қаласынан Куат Кониркульжаев, Рамиль Усманов, Юлия Тхай "Мақтаншақ қыз" анимациялық фильмі, Саха Республикасының қатысушысы Константин Тимофеев "Алаа Могус", Шымкент қаласының қатысушысы Мұратбеков Аймахан "Қазақстан бренді" фильмімен үшінші орынға лайық деп танылды.
Түркия мемлекетінен келген Нуриллах Иенихан "Қожанасыр" фильмімен
"Үздік телевизиялық жоба", алматылық Сəлімғали Мырзашев "Байқоңыр" балалар фильмімен "Үздік сценарий", шымкенттік 8 жасар жас дарын София Чмуль "Мамонтенок ищет маму" фильмімен
"Ең жас аниматор" арнайы жүлделерін алды.

Ал, Алтай Республикасынан келген Анастасия Майжегишева "В сердце", Шымкент қаласынан Бурибеков Оңласын "Әпендінің әлегі", Астана қаласынан Салтанат Ерсұлтан "Арман" анимациялық фильмдерімен ынталандыру жүлделеріне ие болды.
Фестивальге қатыстырылған фильмдерге Түркия мемлекетінің өкілі Йылдызчи Бекир, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің театр және кинематография бөлімінің бас сарапшысы Мырзашева Гүлнафис Советханқызы, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, "Анимациялық кино" шығармашылық-өндірістік бірлестігінің редакторы, сценарист Дүнгенбаева Салтанат Еркенқызы, Қырғызстан Республикасы, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, режиссер Ибрагимов Тынай Құдайбергенович, "САҚ" киностудиясының директоры Паттеев Нуриддин Исаұлы қазылық етті.

Фестивальдің құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі, ұйымдастырушылар – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы. 
Фестивальдің мақсаты- түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдениет пен өнер ынтымақтастығы және достастығын нығайту, анимациялық фильмдер арқылы балалар мен жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, Түркі мемлекеттерінің анимация саласындағы шығармашылығын кеңінен насихаттау, әлемдік кеңістікке шығу және халықаралық қарым-қатынасты арттыра отырып аниматорлар арасында іс-тәжірибе алмасуға, шеберлік сабақтарын өткізуге ықпал ету болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу